рисунок

2019 жылдың 17 шілде   күні  Жаңақала   ауданының  мәдениет үйінде  «Қазақ соқырлар қоғамы» БҚО филиалы мен облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Мейірімділік жолымен» жобасы аясында «Жүректен жүрекке»  концерттік бағдарламасы өткізілді.

Шара барысында  «Сәулелі нұр әкелуші» кітап көрмесі және  зағип және нашар көретін азаматтарға арналған «Тифлоқұралдар» көрмесі   оқырмандар  назарына  ұсынылып, таныстырылды.  Шара ҚСҚ қоғамының  көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Кітапхананың мерейтойы қарсаңында орайластырылған мәдени шара  қазақтың ұлы күйші-композиторы, аспапты музыка өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлы және әйгілі күйші композитор Дина Нұрпейісованың көрінісімен бастау алып,  «Әдеби әлем» клуб мүшелерінің қатысуымен әзіл – сықақ көрінісін көтеріңкі көңіл – күймен бірге тамашалап, Қазақ вальсінің королі  Шәмші Қалдаяқов пен Ескендір Хасанғалиевтің әндерінен құрылған  попурриді   қосыла шырқады.

Шара соңында Жаңақала ауданы әкімі Науырызбай Қадырбайұлы ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, өнерлеріне жоғары баға беріп, алғысхаттар табыстады.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок