рисунок

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында айтыс өнері тағы бір мәрте дәріптелді. Айтыстың бұл жолғы жөні бөлек. Жұрттың делебесін қоздыратын ЖЕКПЕ-ЖЕК АЙТЫС Қадыр сарайының амфитеатрында өтті.

Бұл кеште айтыстың азулысы, екі дүркін "Алтын домбыра" иегері Мұхтар Ниязов пен талай додада олжа салып жүрген оралдың жүйрігі Талғат Мықи, атыраулық атақты Шалқарбай Ізбасаров пен жетінші "Алтын домбыра" иегері Жайықтың Жансаясы сөз сайыстырды.

Аузымен от шайнап, тілімен тікен түйреген ақындар өте жоғары деңгейде айтыс жасады. 

Қадыр орталығы амфитеатрындағы 1200 орында ине шаншар орын болмады.Тапжылмай тыңдап, әр ақынға қолдау білдірген көрермен айтыс нәрімен сусындады.

Кештің арнайы да құрметті қонағы ҚР еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі дүркін лауреаты, ақын Жүрсін Ерман болды.

Шара соңында сөз сөйлеген БҚО мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев көрерменді жыр мерекесімен құттықтап кеш қонағы Жүрсін Ерманның иығына шапан жапты.

Айтыс жанашыры Жүрсін Ерман сөз сөйлеп биылғы 8-ші "Алтын домбыра" айтысының Орал қаласында өтетіндігін жеткізіп, елді бір қуантты. 

Төрт ақынға да Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Бұл айтысты ұйымдастырушы Қадыр орталығының директоры Б.Халиоллаға және оның ұжымына ағайынның ризашылығы өте зор болды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок