рисунок

Қадыр орталығының конференц залында "Әбілқайыр хан және Бопай ханым" атты тарихи кітабының тұсаукесері өтті.

Кітап авторы - Бекет атаның тікелей ұрпағы, туған жері Ақмешіттегі мешіттің шырақшысы, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі Ислам қажы Мырзабекұлы.

Орталық директоры Бауыржан Халиолла құттықтау сөз сөйлеп, шараны ресми ашып берді. Тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жаңабайұлы мен Алаштанушы Дәметкен Сүлейменова оқырман қауымға жол тартқалы тұрған кітапқа ақ жол тілеп, ізгі ниетін білдірді.

Жаңабек Жаңабайұлы мен белгілі журналист, ақын Қазбек Құттымұратұлы кітаптың тұсауын кесті. Бауыржан Ергенұлы автордың иығына шапан жауып, естелік сыйлық табыс етті.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок