2019 жылдың 2 қыркүйек күні БҚО мәдениет басқармасы басшысының бұйрығымен Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы директорының шығармашылық ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып жүрген Тасболатов Нұржан Қадержанұлы ауысу тәртібімен БҚО Камералық оркестрінің директоры лауазымына тағайындалды.

Н. Тасболатовтың мәдениет саласындағы еңбек өтілі-24 жыл.

Білімді де білікті маман, тәжірибелі басшы. Республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты.

1994-2002 ж.ж. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония артисі;

2002-2004 ж.ж.  Орал қалалық Жастар мәдениет үйінің музыкалық студия жетекшісі;

2005 -2009 ж.ж. Орал қаласы, Жастар шығармашылығы Орталығының музыкалық жетекшісі;

2009-2012 ж.ж. Орал қаласы, Жастар шығармашылығы Орталығы директорының орынбасары;

2012-2013 ж.ж. Сырым ауданы мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің меңгерушісі;

2013-2014 ж.ж. Орал қаласы, Жастар шығармашылығы Орталығының көркемдік жетекшісі;

2014-2016 ж.ж. Орал қаласы, Жастар шығармашылығы орталығы директорының орынбасары;

2016-2018 ж.ж. Зеленов аудандық Мәдениет демалыс орталығына қарасты Дариян мәдениет үйінің директоры;

2018 жылдан бастап күні бүгінге дейін Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.