рисунок

2019 жылдың 7 қыркүйек күні Орал қаласы Шаған жағалауында қала күніне орай БҚО мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен сан ғасырлар бойғы  жауынгерлік рухтың өшпес алауының нақты көрінісіндей – Исатай пен Махамбет батырдың атты ескерткіші бой көтерді !!!

Қос батырдың ескерткіші әділдік пен ақиқат үшін айқасқан, шындық үшін шайқасқан, алдаспан батырлардың қайсарлығын танытады, ұрпақ бойына ұлтжандылықты ұялатады.

Қала мерекесімен тұспа-тұс келген өршіл көңіл мен өр жүректі батырларын ұлықтаған ел тойында әжелеріміз шашу шашып, ал Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері биік рухымызды асқақтатқан батырлар рөлінен композиция ұсынса,  халықтық «Ақжайық» би ансамблі «Шашу» биімен көркемдеді. Одан әрі Батыс Қазақстан облысының әкімі   Ғ.Н.Есқалиев құттықтау сөз  сөйледі. Сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби және мемлекеттік  сыйлығы, «Құрмет» орденінің иегері, ақын А.Бақтыгереева және ҚР Білім беру ісінің үздігі, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Қазақстан тарихы және өлкетану» ғылыми орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Жақсығалиев жүрекжарды тілектерін жеткізіп, гүл шоқтарын қойды.

Даңқты батырлар Исатай мен Махамбеттің батырлық бейнесін толық ашып, ескерткішті көркем тұрғыдан құраған Нұр-Сұлтан қаласының мүсіншілері: Серік Рустамбеков, Ринат Әбенов, Ербол Зиябеков.

Одан әрі Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Бабамыздың өршіл рухы өшпейді» ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасты.

Батыр бабалардың рухы мәңгі жасай берсін !!!

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок