рисунок

2019 жылдың 9 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиевтің бұйрығымен Қадыр Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер орталығы директорының шығармашылық ісі жөніндегі орынбасары лауазымына Тюлешева Диана Ахметқалиқызы тағайындалды.

Тюлешева Диана Ахметқалиқызы 2005 жылы Ж.Досмұхамедұлы атындағы Педагогикалық колледжінің «Бастауыш сынып мұғалімі» факультетін, 2011 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Музыкалық білім» мамандығын бітірген.

Еңбек жолын 2011-2018 жылдары «Деркөл» мәдени – демалыс орталығы» МКҚК көркемдік жетекші, шығармашылық ісі жөніндегі орынбасары, 2018-2019 жылдары «Жастар мәдениет үйі» МКҚК көркемдік жетекші лауазым қызметтерін атқарған.

Мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін Орал қаласы әкімінің (2018), Батыс Қазақстан облысы әкімінің (2018), Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің (2018) Алғыс хаттарымен марапатталған.