рисунок

Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Қабдырұлы Мұсағалиев «Самая вышка» әнімен танымал болған жерлестеріміз Райым мен Артур дуэтін қабылдады. Әншілер өз жоспарлары және алда тұрған міндеттері туралы ой бөлісті. Басқарма басшысы Қ.Мұсағалиев Давлетьяров Артур мен Бақтыгереев Райымбекке және әнші, продюсер Данияр Рахметжановты өнер саласының дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттады. Қабылдауға Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның директоры Асхат Тарасұлы Қажғалиев қатысты.