рисунок

19 қыркүйек күні Қадыр орталығында жастайынан Жайық жұртының жүрегін қоңыр дауысымен жаулаған Асхат Құрмекешовты еске алуға арналған "Қалды-ау арман..." атты кеш өтті.

Кешті облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев алғысөзбен ашып, Асхат Батыргерейұлымен бір сахнада ән салып, өнер бәйгесінде қатар шапқан жолдастары М.Сарбөпеев, Е.Есендосов, Н.Тасболатов, Ж.Хасанова, К.Қуанышқалиева, А.Қуаналиев, М.Ғұсманов және інісі Ә.Батыргерей сағыныштарын әнмен жеткізді.

Кеш соңында Асхаттың ата-анасы жүрек сөзін жеткізіп, кешті ұйымдастырған Қадыр орталығына алғыс білдірді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок