рисунок

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  Халықаралық  «Алаш»  әдеби сыйлығы, ҚР Мемлекеттік сыйлығы және «Құрмет» орденінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған «ӨЛЕҢ-ӨМІР» әдеби-музыкалық релиз

2019 жылдың 20 қыркүйек күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық  «Алаш» әдеби сыйлығы, ҚР Мемлекеттік сыйлығы және «Құрмет» орденінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған «ӨЛЕҢ-ӨМІР» әдеби-музыкалық релиз өтті.

Кеш шымылдығы «Ерке самал...» бөлімімен ашылып, Ақ Жайықтың даласы «Оралдың ерке самалындай» тербеліп, «Алғашқы көктемінен» «Шағала сағынышқа» толы «Жіберілген хаттармен», «Сезім» сыры шертіліп, жүректің махаббат күйі «Ән махаббатына» айналса, «Ақын жүрек» бөлімінде поэзия көкжиегінен өлең өрнектері төгілді, одан әрі «Айдындағы ақ желкен» бөлімінде ақынға арналған құттықтау-лебіздер білдірілді.

Ақынның кешінде облыс әкімі Ғали Есқалиев ел атынан құттықтау сөз сөйлеп, сый-сияпат жасаса, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан арнайы келген Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы, басқарма төрағасының баспа ісі жөніндегі кеңесшісі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ғалым Қалибекұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы-журналист, мәдениеттанушы Сара Ләтиева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы және Президент сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, журналист, сатирик Көпен Әмірбек, Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов және Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев бастаған делегация ыстық лебіздерін білдірді. Ал ақын кешіне арнайы ән-шашуымен келген ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының құрметті профессоры, әнші Роза Рымбаева ақынның әндерін шарықтата шырқаса, ақынның қызы, қобызшы Ғазиза Ғабдырахимова өнерін тарту етті. Айтулы шарада ақын сахна төріне көтеріліп, жылы шыраймен қарсы алған халқына алғысын білдіріп, жыр жолдарын  арнады.

Әдеби-музыкалық релизде Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншілері: М.Хайдарова, Е.Өтегенов, Д.Есентеміров, Е.Өмірәлі, А.Орынғали, облыстық жастар шығармашылығы орталығының Жастар театры, БҚМУ, Құрманғазы атындағы саз колледжі студенттері, «Батыс STAR» тобы, Бөрлі ауданынан Г.Қуанышқалиева, Казталов ауданының үлгілі «Қыз Жібек» термешілер ансамблі /жетекшісі Б.Қабиева/, Тасқала ауданынан М.Калиуллова, халықтық «Дауыс SOL» квинтеті, халықтық «Ақжайық» /жетекшісі Ә.Давлетова/, «Назерке» халық би ансамблі /жетекшісі А.Тасболатова, М.Сүндетқалиева/, үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамблі /жетекшісі Р.Көжекешова/ өнерлерін көрсетсе, кеш соңы М.Балмолданың сөзіне жазылған Қ.Қисметовтің «Ақұштабы Алаштың» әнімен қорытындыланды.

Ақын ел мен елдікті, адалдық пен әділдікті, тазалық пен мөлдірлікті жырлаған «Өлең-өмірін» ұрпағына өнеге тұтты.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок