рисунок

29 қыркүйек күні Ресей федерациясының Саратов облысы, Пугачев қаласында "Қазақ халқының ұлттық мәдениеті күні" тойланды.

Аталмыш мереке аясында "Дала дидары" көшпелі өнер ұжымы мен "Орал сазы" фольклорлық ансамблі көрші мемлекетке өнер сапарымен барып қайтты.

"Степные напевы" фестиваліне Саратов облысына қарасты қазақтар орналасқан барлық аудандардан қандастар жиналып, ұлттық өнер дәріптелді. Атажұрттың жыры мен әнін, айтысын тыңдап шекараның ар жағындағы ағайынның мерейі бір тасыған күн болды.

Шара соңында өнер ұжымдарын Пугачев мунипициалдық ауданының басшысы Михаил Владимирович құттықтап, Қадыр орталығы ұжымына Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок