рисунок

Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Ал оны жасау, қамқорлыққа зәру жандардың жанашыры болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іс.

Ү.ж. 31 қазан күні облыстық халық шығармашылығы орталығы Қайырымдылық айлығына орай Орал қаласындағы облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында«Қайырымдылық – жылы жүректен» концерттік бағдарламасын ұсынды.

Жүрек жылуымен әр балаға сенім мен адалдықтың нұрын ұялатқан қайырымдылық концертінде халықтық «Ақжайық» /жетекшісі А.Қуанғали/, үлгілі «Қызғалдақтар» (кіші, орта тобы), /жетекшісі Р.Көжекешова/би ансамбльдері, Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Н.Өтеғалиев, және қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің «Бәйтерек» балалар аула клубының өнерпаздары:республикалық байқаулардың лауреаты «Айжұлдыз» квинтеті /жетекшісі А.Орынбасарова/, Ж.Дүйсен, Ж.Өтепберген, А.Жақсылықәсем әнмен шашу шашып, өнерлерін тарту етті.

рисунок

рисунок

рисунок