рисунок

Қадыр орталығында «Жұлдызды отбасы» жобасы аясында «Өнердің қос қанаты» атты кеш өтті. Кеш иелері – Халықаралық, республикалық жыршы-термешілер конкурстарының лауреаты Фархат Оразов пен республикалық конкурстардың лауреаты Ақмарал Кемелханова.

Екеуі бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп, ұл-қыз өсіріп, аяулы ата-ана бола білген, өнердің туын жықпай, домбыраны жанына серік еткен жандар. Өнерге қосып жүрген үлестері орасан, рухани құндылықты дәріптеу жолындағы еңбектері елеулі.

Шара басында Қадыр орталығының директоры Б.Халиолла кешті ресми ашып, БҚО мәдениет басқармасы басшысының атынан Алғыс хат табыстап, кеш иелерін құттықтады. Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қ.Бердіғалиев, С.Таудаева сөз сөйлеп, ұстаздық лебіздерін білдірсе, отбасылық аға-достары, белгілі қоғам белсендісі, ақын Н.Сәдір құттықтап, өз ойымен бөлісті. Кеш иелері Қызыл ақын, Ақтан Керейұлы, Сартай Көшкіншіұлы, Махамбет Өтемісұлы, т.б. ақын-жыраулардың шығармаларын орындап, көрермендерге рухани кеш сыйлады.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок