рисунок

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында көрсетілген құндылықтарды дәріптеу мақсатында Қадыр орталығында қолға алынған аудан суретшілері мен қолөнер шеберлерінің көрмесін Жаңақала ауданы жалғады.

Ашылу салтанатында БҚО мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев алғысөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталып өтіп, қылқалам шеберлеріне шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тіледі.

Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары А.Еслямғалиева ел атынан ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Б.Оразов бұл жобаның мақсатын айта келіп, көрмедегі туындыларға кәсіби маман ретінде оң бағасын берді. Шара барысында Жаңақала аудандық мектеп-гимназиясының домбырашылар ансамблі (Жетекшісі Гүлбар Шуақбаева) күйден шашу шашып, өз өнерлерін көрсетті.

Шара соңында аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының қосымша білім беру педагогы Г.Бақтығұлова көрмемен таныстырды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок