рисунок

26 қараша күні облыстық халық шығармашылығы орталығының мәжіліс залында облыстың жас жазба ақындарына арналған «Ақиқат ақын...» шығармашылық сағаты оздырылды.

Шарада облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры М.Жұбатов сөз сөйлеп, жас таланттардың шығармашылығына сәттілік тіледі.

Шығармашылық сағаты 5 бөлімнен: «Ақындық үн» /көрме/ бөлімінде облысымыздың жас ақындары: Т.Мықи, Ә.Орынбасаров, М.Ғилымхан, О.Меңдіқұловтардың фотосуреттері экраннан көрсетіліп, шығармашылықтары таныстырылса, «Ақындық тұлға», «Ақындық ой» бөлімдерінде поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар ақындар Т.Таймасұлы, М.Балмолда әдебиет төңірегіндегі келелі мәселелер мен поэзияның бет алысы жайында ой-пікірлерін білдіріп, ақындыққа бет бұрған жас таланттарымызға өз қабілеттері мен шығармашылықтарын дамытуда бағыт-бағдар берді. Одан әрі «Ақындық мінез» бенефисінде Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жәнібек, Казаталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау  ауданынан келген жас ақындар берілген тақырып бойынша /үй тапсырмасы/  өлеңдерін оқыды.

Кеш барысында М.Жанболат гитарамен О.Меңдіқұлдың әні «Махаббатсыз өмірді кім сүрмек?» әнін орындап, М.Ғилымхан 17 жасында шығарған  «Иллюзия» өлеңін оқыды. Ал, Орынбек өзінің 2 жыл бұрын Талғатпен бірге алғашқы махаббаттарына арналған «Жыл құсы», Бөрлі ауданынан келген Ж.Шынтаев «Сақина» әндерін  шырқаса, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры М.Жұбатов Қ.Амандықтың М.Өтемісұлына шығарған  «Алмағайып ауысу», көркемдік жетекші А.Жұмабайқызы М.Мақатаевтың «Білесің бе, ардақтым?!», М.Қабдығалиев «Ақынды ақын оятпаса болмайды» өлеңдерін тебіреніспен оқыды.

Шара қорытындысында әдебиеттанушы ұстаз Т.Таймасұлы облыстық «Ақберен» жас ақындар мектебінің сертификатын А.Есқақ /Ақжайық ауданы/ пен Н.Сыйлыбаеваға /Бәйтерек ауданы/ табыстаса, ақын Ә.Орынбасаров «Тау баласы» кітабын ақпарат, басылым және жарнама бөлімінің басшысы А.Урынгалиеваға естелікке сыйға тартты.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок