рисунок

Руханияттың киелі ордасы- облыстық арнаулы кітапханасында ағымдағы жылдың 27 қараша күні ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, айтыскер, ақын Шолпан Қыдырниязовамен және ҚР білім беру ісінің үздік қызметкері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің және Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері, ақын Дариға Мұштанова «Туған жерім – тұғырым!»  кездесу кеші өткізілді.

Шараға арнайы көрме – инсталляциясы ұйымдастырылды. Кеш қонақтары-   Шолпан Батырқызы және Дариға Ғазизқызы өздерінің  шығармашылық жолдарына тоқталып,  тағылымды әңгімелермен бөлісті. Кеш барысында ақындардың туған жерге, Отанға, табиғат, махаббатқа арналған өлеңдері оқылды. Сонымен бірге шараға  айтыскер-ақын, әнші, Қазақстан  Республикасының  еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Парасат»  орденінің иегері Қатимолла Бердіғалиев қатысты. Өлкеміздің ардақты  ақындарның есті әңгімесі мен шығармашылығынан жастар  ой түйіп, оқырмандар үшін   әсерлі кеш болды.

рисунок

рисунок