рисунок

Ағымдағы жылдың 29 қараша күні облыстық көру қабілеті бұзылған  арнаулы арнайы  мектеп – интернатының бастауыш сынып оқушыларымен  облыстық арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Елін сүйген – елі сүйген Елбасы!» патриоттық сағат өткізілді.

Балалар Тұңғыш Елбасымыздың Н.Ә. Назарбаевтің балалық шағымен, зағип балаларға арналған  тактильді кітабымен танысып, туған жер, Отан туралы патриоттық әндер орындап, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев спорттан, музыкадан және табиғатта серуендеуден басқа көп уақыт кітап оқуға бөлетінін атап өтті. Олардың арасында Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов сияқты белгілі қазақ ақын- жазушыларының  шығармалары, орыс және әлем әдебиетінің көптеген классиктерінің кітабын оқығанды туралы балаларға мағлұмат берілді.

рисунок

рисунок