рисунок

Кеше 10 желтоқсан сағат 19.00-де  Қазақстанда алғаш рет "Жусан" операциясы жайлы спектакль сахналанды! Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында "Семсер" әдеби сыйлығының иегері Марлен Ғилымханның "Жусан" психологиялық драмасының премьерасы өтті.

Спектакльде содырлардың сойылын соғып, дүмшелердің соңынан ерген жандардың жанайқайы, жан арпалысы суреттелді. Шизофрениялық, галлюцинациялық бейнелердің арасында адасқан, сандырақтаудан, жабырқаудан, үрейленуден шаршаған жас жігіттің жай-күйі, бастан кешкен оқиғалары ашық айтылды. Сириядағы соғыс аймағынан Президент пәрменімен жүзеге асырылған "Жусан" гуманитарлық операциясы арқылы елге қайтқандардың тағдыры көрсетілді. Қойылым көрерменнің көңілінен шықты. Толқыды, тебіренді. Қойылымға БҚО әкімінің орынбасары С,Егізбаев, ақын А.Бақтыгереева, Б.Халиолла, мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев, БҚМУ аға оқытушысы А.Ақболатов және аудандық басылымдардың редакторлары болды.

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің атынан "ықылас гүлі" табыс етілді.

Қойылымның режиссёрі - "Еңбек даңқы" төсбелгісінің иегері Самал Әбуов;

Суретшісі - "Өнер саласының үздігі" төсбелгісінің иегері Мұрат Мәмбетов.

рисунок