рисунок

Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздік күні қарсаңында Облыстық арнаулы кітапханасында Сәкен Ғұмаров музейімен бірлесе отырып «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»  мерекелік кеші өткізілді. Мерекелік шараға «Тәуелсіздік – ел бақыты!» кітап инсталяциясы ұйымдастырылды. Шара кітапхана директорының Қ.Бурамбаеваның құттықтау сөзімен басталып, Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның жетістіктері, сондай-ақ өз Отанын әлемдік аренада паш еткен қазақстандықтардың есімдерімен танысты.

Сонымен қатар «Қазақстан достық мекені» әдеби композициясы қойылып, классикалық музыканы сүйетіндер мен орындаушылар Анжела мен Анеля Кадыровалар Абай «Желсіз түнде жарық ай», Чайковский «Старинная песня» және «Полонез Огинского» композицияларын ұсынса, №2 Саз мектебінің домбыра пәнінің оқытушысы   Ә.Қодаров  Құрманғазының күйін  орындады. Шараға Сәкен Ғұмаров музейінің меңгерушісі Ж. Мұқанғалиев экскурсовод Г.Толыбаева қатысып, белгілі Сәкен Ғұмаровтың шығармашылық жұмыстарымен таныстырып, суреттерге  толықтай сипаттама берілді. №47 жалпы білім беретін орта  метебінің оқушылары Хайрулла Исатай  суретшіге арналған Айтқали Нәріковтың «Ғұмаров музейі» өлеңін оқып, Шалқыма Маратқызы суретшінің «Деректер хикаясынан» бейнеролик көрсетіліп, шара Дарынұлы Мәдидің орындауында « Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок