рисунок

Осымен екі күнге созылған "Nur Otan" партиясының қолдауымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен БҚО әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық VIII "Алтын домбыра" айтысы аяқталды. "Алтын домбыраның" су жаңа иегері – талантты да танымал ақын алматылық Рүстем Қайыртайұлы.

Бұл марапатты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Нұрғиса Дәуешов табыстады.

"Айтыс ақтаңгері" атағын, яғни І орынды сыр сүлейі Мұхтар Ниязов еншіледі. Оралдық Жансая Мусина мен алматылық Хазірет Бердіхан ІІ орын, арқалықтық Айбек Қалиев пен қарағандылық Өміржан Көпбосынов ІІІ орын алды. Елордалық Әсем Ереже мен алматылық Қанат Мырзахан " Арнайы жүлде" иегерлері атанып, айтыста ел ықыласына ие болған арынды ақындар шабыттандыру сыйлығына ие болды.

Жүлдегерлерді "Nur Otan" партиясының хатшысы Ғабидолла Оспанқұлов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, белгілі ақын, қазылар алқасының төрағасы Несіпбек Айтұлы бастаған алқа мүшелері, белгілі меценат, айтыс жанашыры Дулат Тастекеевтер марапаттады. Айта кетейік Д.Тастекеев оралдық ақын Бауыржан Ширмединұлына өзінің атынан біржылдық стипендия(2.4 млн.) тағайындады. Ол сонымен қатар қарағандылық жүйрік Дидар Қамиевке ат мінгізді.
Ақжайықта айтыс туын желбіреткен барша ақындарды жеңістерімен құттықтаймыз!

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок