рисунок

24 желтоқсан күні облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Салтанат сарайында «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» облыстық  жаңа жылдық шыршасы өтті.

Мерекелік шырша тойы - жас буын өкілдеріне  көрсетілген құрмет болса, шараға жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, көпбалалы және аз қамтылған отбасының балалары, сол сияқты оқу үздіктері мен спорт, шығармашылық, қоғамдық өмірде табысқа жеткен дарынды,  белсенді оқушылар шақырылып,  облыстың түкпір-түкпірінен 180 бала жиналды.

Ұмытылмас қуаныш сыйлайтын жаңа жыл шыршасы V блоктан тұрды. Президент шыршасына қатысушыларды «Эльфтер патшалығы», «Леопольд мысықтың оқиғалары» мультфильмдерінің кейіпкерлері: Лия, Ламберт, зұлым ханым Елена, мейірімді мысық Леопольд, ескі жыл Свинка Пеппе мен Поросенок Джордж, Ақ тышқан мен Сұр тышқан өз оқиға желістерімен қызықты сәттерге сапар жасатса, жаңа жыл Тышқан тосын сый болып, тәттілерімен келді. Ал жарасымды жаңажылдық костьюмдер киіп, жүздеріне шат күлкі үйірілген балалар Аяз ата мен Ақшақардың тікелей эфирінен кейін, оларды қуанышпен қарсы алды және олар балаларды сыйлықтарымен қуантты.

Кеш барысында жаңа жылдық шыршаның шырағы жағылып, думанды орта шаттық көңілге бөленсе, облыстық қазақ драма театрының артистері, оқушылары,  үлгілі «Қызғалдақтар» би ансамблі /жетекшісі Р.Көжекешова/ «Новый год», «Санта Клаус», ККК би студиясы /жетекшісі Қ.Қадырбекова/  «Панда», «Динозавр», халықтық «Назерке» би ансамблі /жетекшілері А.Тасболатова, М.Сүндетқалиева/ балдық билерін,  Н.Өтеғалиев мен З.Өтеғалива «До свидания, Старый год!», мектептен тыс жұмыс орталығының «Гүлдер» вокалды тобы /жетекшісі Р.Қаташқызы/ «Новый год», бөрлі аудандық Ә.Түгелбай «Мен бақытты баламын» әндерін тарту етті. Жарқын мерекенің ерекше есте қаларлық тұсы – сиқыршылар мен «Эмма» шоудың әсем өнерлері. Сонымен қатар мектептен тыс жұмыс орталығының оқушылары балаларға табыс етілетін жаңа жылдық сыйлықтардың үлгілерін көрсетті.

Сонымен қатар балалардың қуанышты сәттерін бөліскен шырша мерекесінің құрметті қонағы облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиев құттықтау сөз сөйлеп, балалармен бірге шыршаны айналды.

Кеш соңында қатысушылар облыс әкімі және Аяз ата, Ақшақармен естелік суреттерге түсіп,  әрбір жасөспірімнің есінде  қалатын және үлкен жетістіктерге жету жолында мүмкіндіктердің зор болуына ықпал етті.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок