рисунок

5 қаңтар күні сағат 15.00-де Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,  Қазақстан Республикасының «Халық жазушысы», Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері, ақын  Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына орай «Аңыз ақын – абыз ақын» тақырыбында әдеби кеш өткізді. 

Әдебиеттегі алғашқы қадамын балаларға арналған өлеңдерден бастаған ол  саналы ғұмырының кейінгі бөлігін даналарға арналған жырлар жазумен өткізген, ақынның шығармашылығын насихаттауға арналған «Аңыз ақын – абыз ақын» тақырыбындағы  әдеби кешке ақын, Қазақстан Жазушылар одағының  мүшесі А.Нәріков,  Қадыр  қорының»  құрылтайшысы,  Сырым ауданының «Құрметті азаматы» М.Берген, ақынмен бір атадан тараған Сырым ауданының «Құрметті азаматы» Қ.Бахтияров, ақынды көзі көрген ел ағалары, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Айман Қуатова, сонымен бірге Қадыр ағамыздың жарқын бейнелерін көз алдымызға келтіретін фотоларынан сурет көрмесін Алматы, Астана қалаларына дейін жеткізіп жүрген өлкемізге белгілі фотосуретші Рафхат Халелов  қатысып, Қадыр Мырза Әли туралы естеліктерімен бөліссе, кітапхана қызметкерлері Ж.Қанатқалиев, Н.Таңатова, А.Хамзина және №6 «Шолпан» бөбекжайының тәрбиеленушілері Ә.Еркінғали, Х.Рагуль. А.Хамитова, №19 мектептің оқушысы А.Аманжол, №30 Х.Доспанова атындағы мектептің оқушысы Н.Шоқанова, №11 С.Сейфуллин атындағы мектеп интернатының 5 сынып оқушысы Н.Марат және №1 ЖОББ мектептің 2 сынып оқушылары А.Тельман, Ж.Ерболат,  А.Көшкімбаева,  І.Махсатқызы  ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.  Әдеби кешке қатысушылар назарына Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған «Асыл сөздің абызы» атты кең көлемді кітап көрмесі шығарылып, ақын туралы видео - ролик ұсынылды. Сондай-ақ филармония әншісі Айбар Хайырханов ақынның өлеңіне жазылған «Өмір, өмір» және «Атамекен» әндерін орындады.  Кешке 65 адам қатысты.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок