рисунок

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының қолдауымен поэзия алыбы, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қадыр Ғинаятұлы Мырза-Әлидің 85 жылдығына арналған «Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын» тақырыбында (162 қатысушы) 2-7 сыныптар арасында облыстық мәнерлеп оқу байқауын өткізді.

«Бас жүлделерді» бастауыш сыныптар арасында №46 ЖОББМ, 4 сынып оқушысы Исатай Нұркерей иеленсе, 5-7 сыныптар бойынша әділқазылардың шешімімен №44 МГ, 6 сынып оқушысы Мұхтарова Руминаға бұйырды.

рисунокрисунок