рисунок

2020 жылдың 24 қантар күні облыстық арнаулы кітапханасында ақын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қазақстанның Халық Жазушысы Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына арналған «Зерделі жырдың зергері»  әдеби жыр кеші ұйымдастырылды.

Шараға елімізге танымал режиссер, мәдениет саласының ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Айман Сисенғалиқызы Қуатова, кітапхана оқырмандары және мектеп оқушылары қатысты. Шара облыстық арнаулы мектеп-интернатының оқушылары, «Орал жастар»   еріктілер тобы ұсынған Қадыр шығармашылығынан әдеби композициясымен ашылды. Сонымен қатар   №20 «Балбөбек» бөбекжайында өткен «Қазақ жырының Қадыры» байқауының жеңімпаздары - тәрбиешілері, ата- аналары мен кішкентай бүлдіршіндері Қадыр Мырза Әлидің өлеңдерін кітапхана оқырмандарға тарту етті. Кеш қонағы Айман Сисенғалиқызы Қадыр Мырза Әли туралы өмір жолымен, ақынның туған жерге келгендегі естеліктерімен  бөлісіп, оқырмандар сұрақтарына жауап берді. Мектеп-оқушылар арасында Қадырдың танымал афоризмдері мен жұмбақтары жасырылды. Сонымен қатар шараға қатысушылар 2020 жылы аталып өтетін маңызды атаулы күндеріне арналып жасақталған  кітап көрмелерімен танысты. Шара соңында кітапхана қызметкерлері ақынның сөзіне жазылған әндерден үзінділері орындалып,  жерлес композитор Е.Хасанғалиевтің әніне жазылған «Атамекен» әнімен қорытындыланды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок