рисунок

Қазақстанның Халық  жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына, орталықтың 5 жылдығына арналған «Дала дидары» көшпелі өнер ұжымының МАУСЫМАШАР концерттік бағдарламасы өтті.

Шараға облысымыздың зиялы қауым өкілдері мен ақынның қарындасы Күләш апай арнайы келіп қатысты.

Жүз пайыз Қадыр ақынның шығармашылығы насихатталған әдеби-сазды кеште барлық әндер жанды дауыста орындалса, өлеңдері оқылып, түрлі тақырыптағы афоризмдері айтылып, қалжыңдары да назардан қалыс қалған жоқ.  Ал, өңірімізге танымал өнерпаздар шараның шырайын келтіріп, көрермендердің қошеметіне бөленді.

рисунок

рисунок