рисунок

2020 жылдың 14 ақпан күні Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында  волонтер жылына орай  «Кітапхана жастар аймағы» атты ашық диалог алаңы өткізілді.

Шараға  кітапхана жанындағы «Жалынды жастар» клуб мүшелері, «Жас Отан» жастар қанаты, «Үміт» жастар қоғамдық бірлестігі және «Ынтымақ» волонтерлар клубының мүшелері қатысты. Шара барысынды волонтер  жылының бағыттары, «Қалай волонтер болу керек?» тақырыбында ой-пікірлерін бөлісіп, «Заманауи кітапхана – жастар көзімен» тақырыбында постер ұйымдастырылды. Кеш барысында «Жалынды жастар» клубының мүшелері Арман Дүйсенқұлов, Қоныс Сағынған, Асылбек Қуанышқалиевтың орындауында әндер шырқалды. Шара соңы  Волонтерлар жылына арналған «Біз біргеміз!» флешмобымен  аяқталды.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок