рисунок

2020  жылы 21 ақпан күні облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында ұлы  ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор  Абай Құнанбайұлының   туғанына 175 жыл толуына  орай «Абай – дара, Абай - дана  қазақта» атты әдеби музыкалық кеші өткізілді.

Шара мақсаты - ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау,   Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдетуге ықпал ету, оның шығармаларының маңыздылығын өскелең ұрпаққа ұғындыру.

Шараға «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты   кітап көрмесі және кітап-инсталляциясы  ұйымдастырылды.

Шараға  кітапхана оқырмандары, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернат оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

рисунок

рисунок

рисунок