рисунок

Кеш қонақтары Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының белді актерлері Ербол мен Елена Есендосовтар. Ербол мен Елена жұлдызды жұп, өмір мен өнерде бірге келе жатқан ерлі-зайыптылар. Олардың өнерлері, таланттары туралы театрдың тұрақты көрермендері жақсы біледі.

"ҒҰМЫРСАХНА" атты кештің алдында кездесу кейіпкерлері мен зиялы меймандар Қадыр ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Ал, шара "Жалт еткен бір сәуле" атты қойылымның үзіндісімен басталды.

Кеш иелеріне БҚО Мәдениет басқармасының басшысы С.Дүйсеновтың Алғыс хатын басқарманың бас маманы Гүлзия Ахметова табыстады. Шырайлы шараға жиналған ел алдына шыққан әріптестері де жылы сөздерін арнады.

Жан-жақты өнерді жанына серік еткен Ербол мен Елена сырлы-сұхбат құра отырып, қосыла ән де шырқады.

Ербол Есендосов өзі қатысқан қойылымдардан үзінді келтіріп, монологтар оқыса, негізгі мамандығы кәсіби биші Елена сол өнерін елге паш етті. Жұлдызды отбасы - өнерлі отбасы дегеннің айғағы сол - қыздары Тоғжан Мағзомова да монолог оқып көпшілік қошеметіне бөленді. Жас таланттың өнеріне шын тілектестігін білдірген театр актері М.Бектенов Тоғжан қызына толайым табыс тілеп, сыйлығын тарту етті.

Кеш соңында Ербол Есендосовтың анасы Күлан апамыз елге, ұйымдастырушыларға алғысын арнап, Нұр-Сұлтан қаласында сапарда жүрген Мағзом ағаның да ақ сәлемін жеткізді.
Ербол мен Еленаның өнеріне тәнті болар көрермендердің қатары көп болғай. Отбасы берекесі мен өнер берекесі таразының қос басындай тең болсын деген ниеттеміз.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок