рисунок

Бүгін Алғыс айту күні қарсанында Батыс Қазақстан облыстық арнаулы кітапханасы Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрмен бірлесіп «Қазақстан - ортақ үйіміз» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шараға  мәдениет саласында елеулі еңбек еткен ардагерлер, өнер жанашырлары және кітапхана оқырмандары қатысты.

Мерекелік шара №20 «Балбөбек» бөбекжайының кішкентай бүлдіршіндерінің «Мың алғыс» атты әдеби композициясымен ашылып, облыстық камералық оркестрдің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Сонымен бірге «Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті» атты кітап көрмесі жасақталды. Шара қонақтары осындай әсем кешті ұйымдастырғаны үшін өз ризашылықтарын білдірді.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок