рисунок

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай облыстық арнаулы кітапханасында «Сырласу» қыз – келіншектер клубының кезекті отырысында ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат  қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері, облыстық халық шығармашылығы орталығының әдіскері Набира Қалелқызы Саиновамен кездесу кеші өткізілді.

Мерекелік шараға «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге...» кітап көрмесі жасақталды.

Кітапхана директоры Қ. Бурамбаева барша әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, жылы тілек – лебізін білдірді. Шара барысында Набира Қалелқызы өзінің өмір жолына тоқталып, тағылымды әңгімелерімен бөлісіп, отбасылық құндылық, тәлім тәрбие, ұлттық  салт- дәстүр  тақырыбындағы туындаған оқырмандар сұрақтарына жауап берді. Аяулы жандарға арналып әндер шырқалып, оқырмандар үшін әсерлі кеш болды.   

Мерекелік кешке демеушілер -  «Белес агро» ЖШС /директор М. О. Джакибаев/ және «Талецкий О.В.» ЖК, «Желаев нан» маркасы/директор  О.В. Талецкий/ қолдау көрсетті.

рисунок

рисунок