Cultural life

  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG
  • 2018-01-09-005.JPG
  • 2018-01-09-006.JPG
  • 2018-01-09-007.JPG
  • 2018-01-09-008.JPG

Құттықтаймыз!!!


     2018  жылдың  11-13  сәуір күндері Қостанай қаласында  ҚазССР-нің Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, композитор Қалибек Деріпсалдиннің әндерін орындаушылардың Республикалық «Көктем-қыздар» атты ән байқауы өтті. Өнер бәйгесіне Республикамыздың түпкір-түпкірінен барлығы 20 үміткер қатысты. Аталмыш байқауға Ақжайық өңірі атынан Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония артистері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Дастан Есентеміров пен Республикалық конкурстардың лауреаты Дария Бахитова  қатынасып, жоғарғы шеберлікпен өнер көрсетіп жүлделі I – орынды иеленді.

 

 

Алматыда Хадиша Бөкееваның тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.


     Облыс басшысы А.Көлгіновтың қолдауымен жерлесіміз, КСРО Халық әртісі Хадиша Бөкееваның тұрған үйіне (А.Зенков көшесі, 96) ескерткіш тақта орнатылды. Сол ескерткіш тақта орнату салтанатына облысымыздан БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев бастаған делегация барды. Оның құрамында Ақжайықтың ақшағаласы, ақын Ақұштап Бақтыгереева және облыстық қазақ драма театрының әртістері бар.
    Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, Алматы қаласының мәдениет басқармасының басшысы және басқалары сөз алып, Сарыөзеннің жағасында түлеп ұшқан сахнаның хас шебері Хадиша апамыз туралы естеліктер айтты.
     Осындай салтанатты шараның ашылуына мұрындық болған облыс әкіміне алғыстарын жеткізсе, сондай-ақ, туғанына 100 жыл толуына орай туған жерінде атап өткен Батыс Қазақстандықтарға да ыстық сәлемдерін білдірді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


     Өтеғұлов Кәрім Тәжмағанбетұлы көп жылдар бойы ауыл мәдениетін өркендетуге үлес қосып, жеке музей ашып, оны ел игілігі жолында пайдалану үшін жағдай жасап, кейін жеке музейін облыстық тариxи - өлкетану музейінің балансына тегін сыйға тартқан болатын. Қазақтың салт-дәстүрлерін насиxаттап, Жас ұрпақтың бойына патриоттық, руxани тәрбие беру мақсатында жүргізген қызметі үшін Ақпатер ауылдық тариxи - өлкетану музейінің меңгерушісі Өтеғұлов Кәрім Тәжмағанбетұлы ҚР "Мәдениет және спорт министрінің 28.11.2017 ж, 907-К бұйрығымен "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгімен наградталды. Төсбелгіні БҚО мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қадырболат Қабдырұлы Мұсағалиев табыс етті.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


     "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүргізілген нәтижелі жұмыстар үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрінің Құрмет грамотасымен Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы Фараби Жаңқадамов,  «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар  және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Мирболат Ерсаев, «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Жүсіпқалиев марапатталды.
   Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрінің «ӨЛКЕТАНУШЫ» төсбелгісімен Ақпәтер тарихи – өлкетану музейінің меңгерушісі Кәрім Өтеғұлов, өлкетанушылар Өтешқалиев Тыныштық  пен  Құрымбаев Айболат  наградталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


      "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүргізілген нәтижелі жұмыстар үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрінің Алғыс xатымен «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы Джаркемалиева Асылғаным марапатталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


     "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүргізілген нәтижелі жұмыстар үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрінің Алғыс xатымен БҚО мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасы марапатталды.