Cultural life

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

Балнұр АХМЕТ

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Батыс Қазақстан облы¬сы өнер шеберлерінің «Ақ ерке Ақжайықтан – арайлы Алматыға» атты концерті өтті. Ел Тәуелсіз¬дігінің 25 жылды¬ғына арналған сазды кеште ерліктері аңыз болған батырлар, дүлдүл дарабоз күйшілер, дауылпаз ақындар, күміс көмей әншілер туған қасиетті де киелі Ақжайық өңірінің өнер шебер¬лері Алматы жұртшы¬лығына күм¬бір¬леген күйлер мен тағылымды әндерді тарту етті. Азаттықпен бірге ұлттық рухымыз¬ды асқақ-татқан, мәде¬ниетімізді мәңгілік құндылыққа айналдырған егемен елдің Тәуелсіздік тойына арналған салтанатты кешке Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырық¬баев пен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Игорь Стексов қатысты. 

Терең білімді ғалым, әлемдік ғылыми ортаның өз мақтанышы, қоғам қайраткері, Мұрат Жұрынов Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерекесімен тұспа-тұс 70 жасқа толды.

Басқарма басшысы Д.Құсайынов облыстық қазақ драма театрының бас режиссері Мұқанғали Томановты қабылдады. Оған талантты өнер иесінің жұмыс бабымен басқа жаққа қоныс аударуы бірінші себеп болды.                         Атап айтқанда, Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрына                 осы лауазымды қызметке ауысып жатыр.

Мұқанғали Хамидоллаұлы 1997 жылы еңбек жолын облыстық қазақ драма театрында актер болып бастап, сегіз жылдан астам қоюшы режиссер, жеті жылға жуық бас режиссері міндетін уақытша атқарып келген. Түпкілікті тағайындалғанына үш жылдан астам уақыт болыпты.

БҚО әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің  жазушы-драматург,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты Рахымжан Отарбаевты қабылдады.

Қабылдауға ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің және «Алаш» сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева, Маханбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  ректоры Иманғалиев Асхат Сәлімұлы, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Құсайынов Дәулеткерей Атауұлы қатысты.

 

20.11.2016

«Долгожданная встреча!» атты концерт болып өтті.

     Облыстық Қазақ драма театрында өнер тарланы, өз өнерімен әлемді мойындатып жүрген, жерлесіміз Марат Бисенгалиевтің және оркестрінің «Долгожданная встреча!» атты концерт болып өтті.
    Концертке облысымыздың әкімі Алтай Сейдірұлы, қала әкімі Нариман Төреғалиев және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Д.Құсайынов қатысты.    

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

     Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15 бабын және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығына 1-қосымша «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының» 110 тармағын басшылыққа ала отырып.   

14.11.2016

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

     «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының  Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының Дәулеткерей атындағы  халық аспаптар оркестрінің  артисі Ақсамал Нұрболатқызы Қанатқалиева  «Шабыт»  XIX - Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінде «Халық музыкасы» (қобыз-прима) номинациясы бойынша дипломат атанды.
     Басқарма басшысы Дәулеткерей Атауұлы Құсайынов халықаралық фестивалінің лауреаты Ақсамал Қанатқалиеваны қабылдап, басқарманың алғыс хатын табыстады.