Cultural life

  • 29-01-0.jpg
  • 30-01-0.jpg
  • 30-01-1.jpg
  • 30-01-2.jpg
  • 2016-12-05-1.JPG
  • 2016-12-05-3.jpg
  • 2016-12-29-002.JPG
  • 2016-12-29-003.JPG
  • 2017-05-26-002.JPG
  • 2017-05-26-003.JPG
  • 2017-05-26-004.JPG
  • 2017-05-26-005.JPG
  • 2017-05-26-006.JPG
  • 2017-05-26-007.JPG
  • 2017-05-26-008.JPG
  • 2017-05-26-009.JPG
  • 2018-01-09-001.JPG
  • 2018-01-09-002.JPG
  • 2018-01-09-003.JPG
  • 2018-01-09-004.JPG

06.11.2016


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

     Астана қаласында өткен XIX Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде «хореография» номинациясы бойынша балетмейстерлер Ақмарал Тасболатова мен Мирзада Сүндетқалиева жетекшілік ететін  республикалық, халықаралаық конкурстардың лауреаты, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның «Назерке» халықтық би ансамблі  қатысып,  жүлделі   I орын иеленді.

27.10.2016

Қазақ драма театрында 
«Мәңгілік Елдің  Алтын Адамы» атты фестивалі өз мәресіне жетті.

     Мемлекеттік  Сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Алаш және Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлықтарының иегері, ақын-драматург Иран-Ғайыптың   «Мәңгілік елдің Алтын адамы» республикалық театрлар фестивалі салтанатты түрде жабылды. Фестивальдың жабылу салтанатында  БҚО әкімінің орынбасары А.Өтеғұлов қатысып, «Үздік қойылым» номинациясын БҚО қазақ драма театрына  табыс етті. Ақын-драматург Иран-Ғайып 13 номинация «Тәуелсіздікке- Тағзым» және 4 «Мәңгілік Ел» сыйлықтарын өз қолымен табыс етті. Оның ішінде Орал қаласының  әкімшілігі  атынан  дайындалған «Арнайы сыйлық» , «Үздік әйел адам бейнесі», «Үздік ер адам бейнесі»,  «Үздік режиссура» сыйлықтары бар.

     «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы Еңбек күні және Халықаралық қариялар күні аясында бірнеше іс-шараларды өткізді. Соның бірі мәдениет және спорт саласындағы ардагерлермен кездесу ұйымдастырылып, «Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы» кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Салықов Ербол Ғұмарұлы қатысты. Салалық кәсіподақ төрағасы Айдар Тапашұлы Батырханов ардагерлерді құттықтап, әрқайысының өмірі мен еңбек жолдарына тоқталып өтті. Үздіксіз үлкен еңбектің нәтижесінде кемелденген шақтарында еңбектері еленіп, осындай құрметке ие болғандарын үлгі етті. Тарихы мен өнері ұштасқан өлкеміздің мәдениеті мен спорт саласына еңбектері сіңген ардагерлерге  «Еңбек ардагері» медальдары мен мерекелік гүл шоқтарын табыс етті.   

03.10.16

3-5 қазан аралығында Астана қаласында  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Кусайнов Даулеткерей Атауович «Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты ескерту» шетелдік оқытушылардың қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинары бағдарламасының тақырыбы бойынша курстан өтті.

Шетелдік оқытушылар: Нил Дэвид Маккалум Тимоти Дэвид Солт (Великобритания) дәріс беріп, курс нәтижелі аяқталып басқармасының басшысы Кусайнов Даулеткерей Атауовичке Сертификат табыс етілді.

 

27.09.2016

Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық
аспаптар оркестрінің концерт залында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған
Батыс Қазақстан облысы  Камералық оркестрінің «Елімнің бақытын тербеткен
Тәуелсіздік!» атты классикалық музыка кеші өтті.

     Концерттік бағдарламада шет ел композиторлары: Томазо Альбинони, Вольфганг Амадей Моцарт, Ян Сибелиус, Антоинин Дворжак, Йоган Штраус, Йокко Кано, Сальвадор Мартинез, Эрнесто Дэ Куртистың шығармалары орындалды. Қазақ композиторларынан Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу»  шығармасы  және Айтқали Жайымовтың «Шалқыма» шығармасы Ақылбек Бектасовтың орындалуында, Үкілі Ыбырайдың  «Гәкку»  шығармасы Эльмира Усаеваның орындалуында, Халық әні «Ақбақай»  және Бәкір Тәжібаевтың  «Ақбұлақ» әні  Айбар Хайырхановтың орындалуында көрерменге жол тартты. Сонымен қатар Акустикалық гитарада Сергей Елизаров, Кахон аспабында Бекжан  Абжанов өз өнерлерін көрсетті.    

22.08.2016

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

     БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайыновтың бұйрығымен «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Бөрлі өлкетану мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының директоры лауазымына Сюндюкова Алтынбөбек Маратқызы тағайындалды.

09.08.2016


ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ


     БҚО мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.А.Құсайыновтың бұйрығымен «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны директорының жалпы мәселелер бойынша орынбасары болып Жолбаев Мұратжан Ығылманұлы тағайындалды.
     Жолбаев Мұратжан Ығылманұлы  1967 жылы 3 желтоқсан күні БҚО, Ақжайық ауданы, Көнеккеткен ауылында дүниеге келген.