07. 06. 2016

Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет пен өнер орталығында күйші - композиторлар Дина Нұрпейісова мен Сейтек Оразалыұлының 155 жылдығына орай республикалық күйшілер байқауының шарасы аясында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен күйшілердің шығармашылығына арналған «Күй - қазақтың қанаты» атты кең көлемді кітап көрмесі жасақталып, күйші-домбырашы, фольклортанушы, ұстаз, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Айтжан Есенұлы Тоқтағанның шығармашылығына арналған «Ұлттық ұлық өнер» тақырыбындағы сазды сағат өткізілді.

 Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет пен өнер орталығында күйші - композиторлар Дина Нұрпейісова мен Сейтек Оразалыұлының 155 жылдығына орай республикалық күйшілер байқауының шарасы аясында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен күйшілердің шығармашылығына арналған «Күй - қазақтың қанаты» атты кең көлемді кітап көрмесі жасақталып, күйші-домбырашы, фольклортанушы, ұстаз, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Айтжан Есенұлы Тоқтағанның шығармашылығына арналған «Ұлттық ұлық өнер» тақырыбындағы сазды сағат өтті.

 Күйші-домбырашы, фольклортанушы, ұстаз. ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Айтжан Тоқтаған ағамыз 1946 жылы Жәнібек ауданында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының халық аспаптары факультетін бітірген. Консерваторияны тәмамдағаннан кейін сонда көп жыл халық аспаптары бөлімінде ұстаздық еткен, қазір Астанадағы Қазақ ұлттық академиясында дәріс береді. Шебер домбырашы «Күй-Тәңірдің күбірі», «Күй керуен», «Атыраудың 60 ақжелеңі», «Күй қастерлі әуез», «Құрманғазы», «Тәттімбет және Арқа күйлері», «Қаратау шертпесі» сияқты еңбектердің авторы. 

 Сазды сағат шарасы барысында Айтжан Тоқтаған көптеген еңбектердің авторы ретінде күйшілер туралы кітап шығару және күйшілер мектебі, Дина мен Сейтектің күйлерінің тарихы, зерттелуі мен орындалуы туралы әңгімелеп, күйші, республикалық конкурстардың лауреаты, әке-шешесінің жолын қуған домбырашы қызы Айтолқын Айтжанқызы күмбірлетіп күйлерді орындады. Сазды сағат шарасын Құрманғазы атындағы Орал саз колледжінің директоры Нұржан Сертеков жүргізді. Сонымен бірге шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры Дүйсен Орынбай және Қазақстанның басқа аймақтарынан ат артып келген байқауға қатысушы үміткерлер, зиялы қауым өкілдері, қала қонақтары мен тұрғындары, жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары, музыка мектептерінің мұғалімдері, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.