07.06 .2016

Қазақстанның Халық артисі, күй анасы Дина Нұрпейісова мен күйші-композитор Сейтек Оразалыұлының 155 жылдық мерейтойларына арналған «Күй құдіреті» мәдени шарасы мен мерекелік концерті өтті.

Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Жастар мәдениет үйінде Қазақстанның Халық артисі, күй анасы Дина Нұрпейісова мен күйші-композитор Сейтек Оразалыұлының 155 жылдығына арналған «Күй құдіреті» мәдени шарасы өтті. 

 Мерекелік кешті Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Құсайынов Дәулеткерей Атауұлы құттықтау сөз сөйледі.

Концерт шымылдығы Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрінің орындауында Құрманғазының «Серпер» шығармасымен /бас дирижері Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Еркін Нұрымбетов/ ашылды.

 «Күй құдіреті» республикалық домбырашылар байқауына төрелік ететін қазылар алқасымен таныстырылып, домбырашыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Шара концерттік бағдарламаға ұласты. Бағдарламада Б.Жұманиязовтың «Махамбет» операсынан «Махамбеттің үндеуі» оркестрдің сүйемелдеуімен, жеке дауыста Қанатқали Қожақов, Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт-аспаптары оркестрі Динаның «16 жыл», Сейтектің«Заман-ай»күйлерін /Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның Дәулеткерей атындағы ұлт аспаптар оркестрінің дирижері Қырымгерей Қажымов/, Д.Қажымовтың «Ақжайық өңірі» әнін жеке дауыста ҚР еңбек сіңірген артисі Жұмағаным Рахимова орындады. А.Казиев, А.Бектасов, А. Бердіғалиевтер күй тартыс, айтыскер ақын А.Бисенғалиев арнау арнады.

 Ән шеруімен термешілер: А.Исламғалиев, А.Кемалханова, А.Сисенов көрерменді бір серпілтсе, А.Нұржанқызы Динаның «8 март», «Оралым» фольклорлық ансамблі Құрманғазының «Төремұрат» күйін /солист Ж.Нұрымбетова/, Дина «Науысқы» /жет.Е.Нұрымбетов/ күйлерін тарту етті. 

Мерекелік концерт халықтық «Ақжайық» би ансамблінің /жет. Ә.Давлетова/ «Нұршашу» биімен аяқталды. 

 

Байқаудың қазылар алқасынның мүшелері

Аты жөні, тегі

Лауазымы

1

Қажымов

Қырымгерей Қажымұлы

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның Дәулеткерей атындағы ұлт аспаптар оркестрінің дирижері

/қазылар төрағасы/

2

Айтжан Тоқтаған Есенұлы

 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері,

Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры, күйші

3

Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы

Құрманғазы атындағы Мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің директоры, күйші, республикалық, халықаралық домбырашылар байқауларының лауреаты

4

Дүйсен Орынбай Кәріғұлұлы

ҚР  еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры, күйші

5

Қазиев Ермек Еселұлы

 

 

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Парасат» орденінің иегері, күйші, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония артисі

6

Сертеков Нұржан Орынғалиұлы

Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры, күйші

7

Нұрымбетов Еркін Шаяхметұлы

«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Дәулеткерей атындағы ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, күйші-композитор