Совет Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткіш-мүсіні 1971  ж. тұрғызылды. Мүсін қоладан құйылған, тұғыры тікбұрышты, жылтыр қызыл граниттен.

Тұғырдағы жазу: «Совет Одағының Батыры Мәншүк Мәметова 1922-1943 жж.».

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Өтемісов көшесі, 26

Мәскеуден Ордаға радиостанция, армия баспаханасы жеткізілді. 1918 жылдың тамыз айында Мәскеуден Ордаға ұлттық мәселелер жөніндегі комиссариаты қазақ бөлімінің бастығы Мұхамедияр Тунганчин мен оның орынбасары Хусаин Бекентаев келді. Олар  Ордада Совет баспасөзінің шығуын ұйымдастырды. 1918 жылдың қарашасынан бастап Ордада «Киргизская правда» (орыс тілінде) және «Қазақ дұрыстығы» (қазақ тілінде) газеттері шыға бастады. Екі газеттің де редакторы 1908 жылдан КПСС мүшесі, Бөкейордасы облыстық атқару комитетінің төрағасы Степан Петрович Милютин болды.

Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Орда селосы, А. Теңізбаев көшесі,19

Бұрынғы Лбішін станцасында (қазір Чапаев қаласы), Орал өзенінің оң жағалауында, 1971 жылдың 4 қыркүйегінде, аты аңызға айналған Азамат соғысының Батыры В.И.Чапаевтың қаза болған жерінде ескерткіш - обелискі орнатылды.

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаево селосы

В.И.Чапаев мұражайлық кешеніне бұрынғы 25-ші Чапаев дивизиясының штабы, қазіргі В.И.Чапаев мемориалдық музейі, В.И.Чапаевтың қаза болған жері (1919 ж.), Чапаевшылардың бауырластар зираты (1919 ж., 1957 ж.) кіреді.

Үй 1888 жылы салынған. Революцияға дейін жргілікті саудагерге қараған.

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаево селосы.

Тұрғын жәй мал-өндіруші П.Овчинниковтің қарамағында болды. 1878 ж. салынды.  Азамат соғысы және Орал қаласын ерлікпен қорғау жылдары бұл ғимаратта облыстық губерниялық төтенше комитет орналасқан, жұмысты көрнекті большевиктер, соңынан Қазақ ССР-ң ішкі істер комиссары С.М.Штыб, А.Айтиев басқарған.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 147

Христа Спаситель әскери храмы 1891 ж. маусымда бастап салынды да, 1907 ж. салынып бітті, Россия әскерлерімен Жайық (Орал) казактарының әскери жорыққа қатысуының 300-жылдығын еске алуға (1591-1891 гг.) Храм қоғамдық қаржыға және құрмалдық жинау арқылы салынды.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 202

Михаил-Архангелдің шіркеуі- Орал қаласындағы ең бірінші ғимараттың бірі. 1740 жылы қаланды. Москвадан әкелінген шеберлердің басқаруымен Жайық казактары Мосвка Кремліндегі Успен шіркеуінің сәулетін ұстап, шіркеуді қалады. Құрылысы 1751 жылы аяқталды.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 63, «Курени» ауданы