XIX ғасырдың соңғы ширегінде салынған (1876-1877 жж.) бұл ғимаратқа әйелдер гимназиясы орналасқан. Бірінші әйелдер оқу орны- Орал қаласындағы қыздар пансионы 1857 жылы ашылып, 1877 жылы әйелдер гимназиясы болып қайта құрылды. Гимназияда 1910 жылға дейін 20 тәрбиеленушісі бар пансион болды (кейбір жылдары 27 тәрбиеленушіге дейін болды).

Азамат соғысы кезінде 1919 жылдан бастап ғимаратта Орал шаруалар бригадасының далалық көшпелі госпиталы, соңынан мектеп, ал 1930 жылдан бастап Орынбордан ауыстырылған халыққа білім беру институты, 1932 жылдан- Орал педагогикалық институты, ал 1938 жылдан қазіргі уақытқа дейін- пединституттың жаратылыстану- география факультеті орналасқан.

 

Батыс Қазақстан облысы, Оралқаласы, Достық-Дружба даңғылы,121

Ғимарат XIX ғ. екінші жартысында тұрғызылған (шамамен 1868ж.). Бірінші қабатында дәріхана орналасқан, ал екінші қабаты пәтерлер үшін пайдаланылған- дәріхана қожайынының (Штраустың) жанұясы тұрған. Орал қаласында XIX ғ. екінші жартысында 2 жеке дәріхана болды, оның қатарында осы дәріхана да болды. Бірінші қабатты жертөлесімен қазіргі уақытқа дейін дәріхана алып отыр. 1919 жылдың 2 сәуірінде екінші қабатта Жайық облыстық Мемлекеттік бақылау бөлімі орналасқан. 1944 жылы екінші қабатта №3 балалар музыка мектебі ашылды. (1977 жылдан №3 музыка мектебі), 1944-1949 жж. мектеппен бірге, музыкалық білім беретін, облыстағы бірінші оқу орны- музыкалық училище. №3 музыкалық мектеп- интернатында, соңынан 1945-1949 жж. училищеде СССР халық әртісі Роза Жманов оқыған.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы,153

Ғимарат Орал қаласының бірінші архитекторы М.Дельмедино (1821-1831) жобасымен салынды, ол атаман Д.М.Бородиннің шақыруымен үлкен өрттен кейін 1821 жылы Оралға келді. Оған арнайы архитектор қызметі тағайындалды. Әскери атаман Мизиновтың үйін ол атамандар сарайымен қатарлас салдырды.1919 жылы бұл үйдің балконынан халықтың алдында М.В.Фрунзе шығып сөз сөйледі.

Батыс Қазақстан облысы, Оралқаласы, Достық-Дружба даңғылы,159

Ғимарат 1889 ж. салынған. Революцияға дейін онда «Россия» мейрамханасы орналасқан. 1919ж. мұнда Чапаев дивизиясының комиссары болып тағайындалған, жазушы Д.А.Фурманов тоқтады. Д.Фурманов Орал қаласына 16 ақпан  1919 ж. қаланы ақ казактардан босатқаннан кейін келді. 27 ақпанда ол жұмысқа тағайындалды да, келесі күні В.И.Чапаевтың  басшылығымен қайтадан ұйымдастырылған 25-атқыштар дивизиясымен Оралдан Александров-Гайға шығып кетті. Д.Фурманов бұдан кейін де Орал қаласында бірнеше рет болды. Сәуір айының басында Чапаевпен бірге ол Чапаевтың әскерлерімен қаланы қоршаудан босатты. Оралдан жаңа тағайындау алды да В.И.Чапаевпен қоштасты. Оралды қоршаудан босату жөнінде күнделік беттеріне түсіріп, бір дәптер тауысты.

Азамат соғысы жылдарында бұл ғимаратта Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев (1860-1934жж.) тұрып, жұмыс жасады. 1919 ж. 11 қыркүйекте Бөкей және Орал губерниясының қазақ бөлімін басқаруға Орал бөлімшесінің қырғыз революциялық комитеті құрылды, оның құрамында Қызыл Армияның бөлімшесіндегі еңбекші қазақ жастарынан құралған бірден-бір ұйымдастырушылар: төрағасы- Б.Б.Қаратаев, мүшелері- А.Айтиев, С.Арганчеев және орынбасарлары-П.И.Петровский, М.Мурзагалиева, Б.Қаратаев болды. 1962 жылы мұнда Совет жазушысы В.С.Иванов тоқтады.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы,161

XIX ғасырдың 70-жылдары салынды. Авторы белгісіз. Мешіттің қатарында 1895-1905жж. Ғ.Тоқай оқыған бұрынғы медресенің ғимараты тұр. 20-жылдардың аяғында мешіт жабылды, ал XX-ғ-ң 30-шы жылдардың басында минареті алынды. 1936 жылдан 1962 жылға дейін бұрынғы мешіттің ғимаратына мүгедектер үйі орналасты, ал 1962 жылдан-№16 кәсіптік училище, соңынан №86 кәсіптік-техникалық училище, 1974 жылдан СПТУ-35.Қазіргі уақытта ғимарат меценаттар есебінен жаңғыртылып, құдайға сенушілерге берілген. Жергілікті маңызы бар XIX ғ діни сәулет ескерткіші ретінде мемлекеттік қорғауда тұрған ғимарат.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, 8 Март көшесі,29.

Ғимарат ХХ ғ-ң 80 жылдың аяғында тұрғызылды. Оралдағы бірінші оқу орны түрінде-Орал әскери гимназиясы.1870 ж. Орал әскери училищесі ерлер классикалық гимназиясы болып қайта құрылды, 1890 ж. екінші жартысында алты класстық Орал әскери училищесі болып жаңартылды. Азамат соғысы жылдары Орал педагогикалық институтының биология факультеті, ал соғыстан кейін- колхоз кадрларын, ауылшаруашылығы механизация техникаларын басқаратын мектеп, Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институты.Қазіргі уақытта ғимаратта Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі орналасқан.

Батыс Қазақстан облысы, Оралқаласы, Достық-Дружба даңғылы,173.

Бұл үй татар демократиялық әдебиетінің негізін қалаушы зиялы жанұя Тухватуллиндерге жатқызылды. Ғ.Тоқай 12 жыл Оралда тұрды және ол барлық осы жылдарда Тухватуллиндердің жанұясымен араласып, оның бай кітапханасын пайдаланды. Жанұя басы, медресенің аға оқытушысы Мұтиғолла Тухватуллин және оның ұлы Ғабдолланың медреседегі жолдасы Камиль, болашақ ақынның бойындағы талантын силады. Камиль Оралда бірінші рет татар тілінде газет- журналдар шығарды. Революциялық бағыттағы «Фикер» газетін, «Уклар» сатиралық журналын шығарды. Кейіннен Тоқай осы газет- журналдың редакторы болады. 1905-1906 жылдары оның 600-дей өлеңдері берілді оның арасында «Бостандық», «Бірлік» жөнінде, «Пушкинге ода» және басқалары бар. Ғ. Тоқайдың даңқы өсе бастады. Оны татар мәдениетінің орталығы Қазан қаласына шақырады. 1907 жылдың күзінде Ғ.Тоқай Қазан қаласына қайта көшіп келеді де, «Кітап» баспасында бірлесіп істейді.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Асан Тайманов көшесі,57.