Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 1 жартыжылдық қорытындысы

БҚО мәдениет басқармасына 2018 жылдың 1 жартыжылдығына Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» №221 Заңы талаптарына сәйкес, «Азаматтарды өтініштері»  деректер  қорына жеке тұлғадан  - 31; заңды тұлғадан - 62; барлығы - 93 өтініш түсті. Келіп түскен өтініштерді негізгі түрлерге бөлгенде   84- өтініш,  4- сұраныс, 5- ұсыныс түсті.

Басқарма басшысы 4 жеке тұлғаның өтініші бойынша қабылдау жүргізді.

Еңбек және әлеуметтік қорғау саласы бойынша 70 өтініш, мәдениет саласы бойынша 19 өтініш түсті. 62 өтініш қарау үшін бағынысты мекемеге жолданды. 5 өтініш қанағаттандырып, 24 өтінішке түсінік берілді.

Мәдениет саласындағы өтініштердің басым бөлігі белгілі тұлғалардың кештерін өткізу, түрлі байқаулар  мен фестивальдерге қатысу, кітаптарды шығаруға қолдау көрсету және тарату туралы.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өтініштерге мерзімінде жауап берілді.