ПРЕСС-РЕЛИЗ


     Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 20 ақпан күні сағат 18.00-де филармонияның концерт  залында «Классика» камералық ансамблінің 20 жылдығына арналған шығармашылық концерті өтеді. /Ансамбль жетекшісі Владимир Баяндин/
     Концертте Лев Борковский (Саратов қаласы), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Әмірханов, Республикалық конкурстардың лауреаты Ақсұлу Жұмалиева өнер көрсететін болады.
     Билеттер филармония кассасында сатылады.
     Байланыс телефондары: 51-55-10, 51-16-57, 8-701-615-18-46.

Пресс-релиз


     2018 жылдың 28 ақпан күні сағат 18.00-де филармонияның концерт залында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы артистерінен құралған «Егіз әуен» атты дуэт кешін өтеді.
     Кеште Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаттары, өнер майталмандары, танымал әншілер өнер көрсететін болады.
     Билеттер филармония кассасында сатылады.
     Байланыс телефондары: 51-55-10, 51-16-57, 8-701-615-18-46.

ПРЕСС-РЕЛИЗ


    Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 20 ақпан күні сағат 18.00-де филармонияның концерт залында «Классика» камералық ансамблінің 20 жылдығына арналған шығармашылық концерті өтеді. /Ансамбль жетекшісі Владимир Баяндин/
    Концертте Лев Борковский (Саратов қаласы), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Әмірханов, Республикалық конкурстардың лауреаты Ақсұлу Жұмалиева өнер көрсететін болады.
     Билеттер филармония кассасында сатылады.
     Байланыс телефонлары: 51-55-10, 51-16-57, 8-701-615-18-46.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 
     Үстіміздегі жылдың 1 ақпан күні, сағат  16.00-де Қадыр Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер орталығының концерт залында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Арманға толы – тіршілік жолы» атты Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ардагер журналист Тихон Әліпқалиұлымен кездесу кеші өтеді.

     Мақсаты: ардагер журналист Тихон Әліпқалиұлының өмір жолын жастарға үлгі ету. Өнер иесімен кездесе отырып, жас көрермендерді әдебиет әлеміне жетелеу.
      Шарада:  кеш иесі өзінің өмірі мен шығармашылығы, жүріп өткен жолдары туралы сұрақтарға жауап береді.
     Сондай-ақ, бойындағы басқа да өнерлері туралы сыр шертеді. Шара барысында қаламгер замандастары сөз сөйлейді.
    Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайынов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының БҚО филиалының төрағасы Б.Жексенғалиев, «Жайықпресс» ЖШС директоры Ж.Сафуллин, «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің Бас редакторлары Б.Ғұбайдуллин және Р.Сыйықова, Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі,  ақын Ғ.Сейтақ, ақын Ш.Қыдырниязова, Д.Мұштанова, Т.Таймасұлы, С.Бисенғалиев,т.б. зиялы қауым өкілдері.

ПРЕСС-РЕЛИЗ


     Үстіміздегі жылдың 25 қаңтар күні, сағат  16.00-де Қадыр Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер орталығының концерт залында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Талабы мен таланты өрге сүйреп...» атты Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, жазушы Энгельс Шыңғалимен кездесу кеші өтеді.
     Мақсаты: жазушы, журналист Энгельс Шыңғалидің шығармашылығын дәріптеу. Өнер иесімен кездесе отырып, жас көрермендерді әдебиет әлеміне жетелеу.
      Шарада:  кеш иесі өзінің өмірі мен шығармашылығы, жүріп өткен жолдары туралы сұрақтарға жауап береді.
    Сондай-ақ, бойындағы басқа да өнерлері туралы сыр шертеді. Шара барысында қаламгер замандастары, ізбасарлары, шәкірттері сөз сөйлейді.
    Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қ. Мұсағалиев, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын А. Бақтыгереева, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын А. Нәріков, «Жайықпресс» ЖШС директоры Ж. Сафуллин, «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің Бас редакторлары Б. Ғұбайдуллин және Р. Сыйықова, Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ғ. Сейтақ, журналист С. Ықсанғали, т.б. зиялы қауым өкілдері.

Пресс-релиз

«Тозақ шеңбері»

(драма)

Ағымдағы жылдың 10-11 желтоқсан   күні сағат  18.00 - де Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры  С.Досановтың «Тозақ шеңбері» қойылымының  премьерасын ұсынады. Премьераға қойылымның  авторы  Қазақстан Республикасынынң мемлекеттік сыйлығының иегері, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты- Сәбит Досанов арнайы келіп қатысады.

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут.

Қойылымның режиссері – Самал Абуов 

Қоюшы суретшісі – Мұрат Мамбетов   

 

Қойылым туралы қысқаша дерек:

Қойылымның авторы, драматург Сәбит Досанов «Менің осы қойылым арқылы жеткізгім келгені – Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ, егемендіктің бағасын білейік деген ой», - дейді. Шынында да бұл қойылымның өзегі болып табылатын Желтоқсан – 86 оқиғасы, ел намысы үшін бастарын қатерге тіккен жастар – қазақ халқының Тәуелсіздік үшін күресінің ажырамас бір бөлігі.

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ


     Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 27 қараша күні сағат 18.00-де Қазақ драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі Мұрат Әмірхановтың «Өмірім де, өнерім де ән!» атты жеке шығармашылық кеші өтеді.
     Концертке Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары, орыс халық аспаптары оркестрі және Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы эстрада-симфониялық оркестрі, «Классика» камералық ансамблі өнер көрсететін болады.
     Кіру тегін.
     Байланыс телефоны:51-55-10