ПРЕСС-РЕЛИЗ

2018 жылдың 16 шілдесі күні сағат 17.00-де Х.Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, режиссер Қуатова Айман Сисенғалиқызының мерейлі 80 жасына арналған «Өнермен өрілген өмір» атты шығармашылық кеші өтеді.

Концертке Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының өнер ұжымы, халықтық «Ақжайық» ансамблі және өңіріміздің өнерпаздары қатысады.

Кіру тегін.

Байланыс телефондары: 51-55-10, 8 (775)-412-06-49;   8 (708) 239-29-71