Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауы, облыстық мәдениет басқармасының ұсынысы  және облыстық халық   шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 23-24 тамыз күндері Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының Халық артисі, «Отан» орденінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Е.Хасангалиевтың әндерін орындаушылардың Х Халықаралық «Атамекен» ән фестивалі өтеді.

Х Халықаралық «Атамекен» ән фестиваліне Ресей Мемлекетінің Астрахан облысы,  республика аумағы: Алматы, Тараз, Шымкент, Атырау, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда және Орал қаласы, БҚО аудандарынан 20- дан аса үміткер қатысуға өтініш білдірді.

Мақсаты:

- Қазақ эстрадасы өнері арқылы елдің рухын биіктеткен, өнер әлемінде өзіндік орны бар, біртуар дара тұлға Ескендір Хасанғалиев әндерінің нақышты өрнегін кеңінен насихаттап, есімін ұлықтау;

- Қазақ әндерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген Е.Хасанғалиев шығармашылығын келер ұрпаққа жалғастыру;

- Ән өнерін дамыту және композитордың әндерімен еліміздің айбынын арттыру;

- Ән әлеміндегі жаңа дарындарға мүмкіндік ашу, халыққа кеңінен таныстыру;

- Орындаушылардың кәсіби деңгейін шыңдай отырып, эстрада  әлеміне жаңа есімдер қосу;

- Әншінің шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісу, тума талант иесінің өмірін жастарға үлгі-өнеге ету.

Байқауға 17-32 жасқа дейінгі өнер саласындағы ресми атағын   

алмаған бір үміткер (соло) қатыса алады.

Байқауда үміткерлерге Қазақстан Республикасының Халық артисі,    

«Отан» орденінің иегері, әндердің авторы Е.Хасанғалиев, Қазақстан  

Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Біржан

Хасанғалиев және кәсіби өнер шеберлері мен эстрада жұлдыздарынан құралған қазылар алқасы төрелік етеді.

Байқау бағдарламасында:

- Байқаудың І,ІІ кезеңдері;

- Қорытынды Гала-концерт;

- Жеңімпаздарды марапаттау.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы диплом, статуэтка  және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

24 тамыз күні өтетін Х Халықаралық «Атамекен» ән фестивалінің қорытындысы, марапаттау рәсімі және Гала  концертіне арнайы шақырылған қонақтар мен қала тұрғындары, ел ардақтылары, аға ұрпақ өкілдері, өнердің жанашырлары, БАҚ өкілдері қатысады.

«Облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

Байланыс телефоны: 50-09-16

Е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.