Пресс – релиз

Халықтың туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мен халық шығармашылығының барлық түрлерімен халықтың атақты жанрлық ұжымдардың шығармашылығын шыңдап, сауықшыл халыққа насихаттау мақсатында облыстық мәдениет басқармасының қолдауы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылы Орал қаласында Қ.Мырза Әлі атындағы өнер орталығының амфитеатрында  әрбір жетінің бейсенбі, жұма күндері өткізілген Астананың 20 жылдығына арналған «Астанаға сәлем!» атты ауданаралық көркемөнерпаздарының үздіктерінің қорытынды Гала – концерті 7.09.2018 ж сағат 18.00- де өткізіледі.

Мақсаты:

-  Елордамыз Астана қаласының жетістіктерін халыққа паш ету, мәртебесін көтеру;

-  Тәуелсіз еліміздің мәдениеті мен өнерін дамыту;

-   Әрбір азаматтың ел тарихына, мәдениетіне деген ұлттық көзқарасын қалыптастыру;

Міндеті:  

- Көркемөнерпаздардың шығармашылығын дамыту;

- рухани – мәдени жасампаздық бәсекелестікті арттыру;

- шығармашылық байланыс арқылы кәсіби тың идеялардың жүзеге асуына үлес қосу:

Қатысушылар: 

Халықтық «Ақжайық» би ансамблі. Барлық ауданаралық көркемөнерпаздардың іріктеуден өткен үздіктері қатынасады.Соңында өнер көрсеткен барлық аудандық өнер иелеріне дипломдар табыс етіледі.

Шақырылған қонақтар:

ҚР Мәдениет қайраткерлері, мәдениет саласының ардагерлері, қалалық, облыстық мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, басшылары, өнер майталмандары, бұқаралық ақпарат өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтар.

 

Облыстық халық шығармашылығы орталығы МКҚК

Байланыс телефоны: 50-99-72

Е-mail:осЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.