Пресс-релиз

2018 жылдың  13 қараша күні  сағ. 11.00-де Батыс Қазақстан облыстық  зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында Халықаралық зағиптар күніне  оқу және жазу Брайль жүйесінде "Брайль менің өмірімде" атты байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты: Брайль жүйесіндегі әдебиеттерді  оқуды насихаттау,   көз мүгедегі бар оқырмандарды әлеуметтік-мәдени оңалтуға жәрдемдесу. 

Байқау екі кезеңнен тұрады:

І кезең - Брайль жүйесі бойынша  мәтінді тез және сауатты жазу .

ІІ кезең-  Брайль жүйесі бойынша мәтінді мәнерлеп оқу.

Байқауға брайль жүйесін меңгерген зағип оқырмандар қатысады.

Байқау  қазақ  және  орыс тілдерінде   өтеді.