Пресс-релиз
«Қош махаббат»
(драма)
Ағымдағы жылдың 7-8 желтоқсан күндері сағат 18.00-да Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры Мұқағали Мақатаевтың «Қош махаббат» қойылымының премьерасын ұсынады.
Ұзақтығы – 1 сағат 50 минут.
Қойылымның режиссері- Самал Абуов
Қоюшы суретшісі – Мәдениет саласының үздігі
Қайыр Оразғалиев
Қойылым туралы қысқаша дерек:
Бір топ жастың аралас-құралас тірлігі сол заманның тынысын көз алдымызға алып келеді. Бұнда махаббат та, достық та, бәрі де бар. Және бұл екеуінің қайсысы баяндырақ болатыны өз алдына бір бөлек әңгіме .