Пресс-релиз

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан  күні сағат 11:00-де  Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында ұйымдастырылып отырған «Қазақ рухы және жылқы» атты көрме мен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты мерекелік  шара өтеді.

Мақсаты: Музей қорындағы әр дәуірге жататын ат-әбзелдерінің коллекциясын көрермен назарына ұсыну. Он саусағынан өнер тамған шеберлер қолынан шыққан ХҮІІІ – ХІХ ғ қамтитын ат-әбзелдерінің мол түрін, жасалу шеберлігін,қымбат металл түрлерімен безендірілген ер-тоқым түрлері мен оның басқа бөлшектерін көрсету арқылы қазақ халқы үшін жылқы малының қастерлі жануар екендігін, халықтың талғамының ерекше екендігін ұғындыру.

Шараға БҚО мәдениет басқармасының басшысы Қ.Қ.Мұсағалиев, өлкемізге белгілі тарихшы Ж.Ж.Жақсығалиев, өлкетанушы С.Е.Танабаева, ардагер тілші Т.Әліпқали, мәдени мекемелердің директорлары, музей қызметкерлері, студенттер және БАҚ өкілдері  қатысады деп жоспарлануда.