77

Биылғы жылды Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жастар» жылы деп жариялады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымына қарасты ұлтымыздың төл мәдениетін көтеріп, рухын асқақтатып, өнерін өркендетуге қосқан сүбелі үлесі бар жас театрлардың бірі «Astana Musical» Мемлекеттік театрының шығармашылық құрамының жүз пайызы  жастардан құралған.

Құрылғанына үш жыл болған жас театр осы күнге дейін  «Қыз Жібек» мюзиклімен Берлин (Германия) –– Париж (Франция) – Вена (Австрия) -Брюссель (Бельгия) - Мәскеу (Ресей)  бес мемлекетке «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында үлкен гастрольдік турне жасады.Қазақстанның көптеген облыстарында гастрольдік сапарларда да  болып, өнерсүйер қауымның ықыласына бөленді.

Жастар жылы аясында «Astana Musical» Мемлекеттік театрының Орал, Ақтөбе, Қызылорда қалаларында кезекті гастролі өтпекші. Қала тұрғындары театр репертуарындағы үш қойылымды тамашалай алады:  Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» (этно-фольклорлық мюзиклі), М.Мақатаев «Ғашық жүрек» (поэтикалық-музыкалық қойылым),  М.Омарова «Шәмші» (мюзикл).

Үш қойылымның өн бойына Ұлы даланың ұлттық құндылықтары мен еліміздің рухани кеңістігіндегі көрнекті тұлғалардың біртуар бейнелері арқау болған.Театрдың жас та болса халыққа кеңінен танымал актерлары қатысатын қойылымдардың барлығы да көрермендерге, жас ұрпаққа берер тағылымы мол болғандықтан еліміздегі барлық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қатысып, кеңінен насихаттап тамашалауға шақырамыз!

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы

 Н.Ә.Назарбаевтың «ЖАСТАР жылы» бағдарламасы аясында

«Astana Musical» театрының Батыс Қазақстан облысында

28 сәуір - 04 мамыр, Ақтөбе облысында 4 – 6 мамыр, Қызылорда қаласында 8 - 11 мамыр гастролі өтеді

28-сәуір  БҚО, Бәйтерек ауданы (Переметное)

Басталуы: 17.00

«Қыз Жібек»

(этно-фольклорлық мюзиклі)

Либретто авт. Ғ.Мүсірепов

Реж. А.Маемиров

29-сәуір

Орал қаласы

Х.Бөкеева атындағы БҚО қазақ драма театры

Басталуы: 19.00

Гастрольдік сапардың ашылуы

 

«Қыз Жібек»

(этно-фольклорлық мюзиклі)

Либретто авт. Ғ.Мүсірепов

Реж. А.Маемиров

30 -сәуір

Орал қаласы

Х.Бөкеева атындағы БҚО қазақ драма театры

Басталуы: 19.00

«Ғашық жүрек»

(поэтикалық-музыкалық қойылым)

 

авт. М.Мақатаев

реж.А.Гумаров

1-мамыр

А.Н.Островский атындағы орыс драма театры

Басталуы: 19.00

 «Шәмші»

(мюзикл)

авт. М.Омарова

реж.А.Маемиров

2-мамыр

А.Н.Островский атындағы орыс драма театры

Басталуы: 19.00

 «Қыз Жібек»

(этно-фольклорлық мюзиклі)

«Жастар жылы» бағдарламасы аясындағы Орал қаласындағы «Astana Musical» театрының кезекті

гастролінің жабылуы

Либретто авт. Ғ.Мүсірепов

Реж. А.Маемиров

3-мамыр

Сырым ауданы

(Жымпиты)

Басталуы: 15.00

«Қыз Жібек»

(этно-фольклорлық мюзиклі)

Либретто авт. Ғ.Мүсірепов

Реж. А.Маемиров

 

Ақтөбе  облысында 4 – 6 мамыр 2019 жыл

4-мамыр

Ақтөбе облысы,

Хромтау ауданы

Басталуы: 17.00

«Қыз Жібек»

(этно-фольклорлық мюзиклі)

«Astana Musical» театры гастролінің Ақтөбе қаласындағы ашылуы

Либретто авт. Ғ.Мүсірепов

Реж. А.Маемиров

5-мамыр

Ақтөбе қаласы,

Басталуы: 15.00

5-мамыр

Ақтөбе қаласы,

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық қазақ драма театры

Басталуы: 19.00

«Ғашық жүрек»

(поэтикалық-музыкалық қойылым)

«Қыз Жібек»

(этно-фольклорлық мюзиклі)

 

авт. М.Мақатаев

реж.А.Гумаров

Либретто авт. Ғ.Мүсірепов

Реж. А.Маемиров

6-мамыр

Ақтөбе қаласы,

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық қазақ драма театры

Басталуы: 18.00

«Шәмші»

(мюзикл)

«Astana Musical» театры гастролінің Ақтөбе қаласындағы жабылуы

 

авт. М.Омарова

реж.А.Маемиров

Қызылорда қаласы, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық

драма театрындағы гастролі 8 - 11 мамыр, 2019 жыл

8-мамыр

Қызылорда қаласы, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры

Басталуы: 19.00

«Қыз Жібек»

(этно-фольклорлық мюзиклі)

«Astana Musical» театры гастролінің Қызылорда қаласындағы ашылуы

Либретто авт. Ғ.Мүсірепов

Реж. А.Маемиров

9-мамыр

Басталуы: 19.00

«Ғашық жүрек»

(поэтикалық-музыкалық қойылым)

авт. М.Мақатаев

реж.А.Гумаров

10-мамыр

Басталуы: 19.00

«Шәмші»

(мюзикл)

авт. М.Омарова

реж.А.Маемиров

11-мамыр

Басталуы: 19.00


«Қыз Жібек»

(этно-фольклорлық мюзиклі)

«Жастар жылы» бағдарламасы аясындағы Қызылорда қаласындағы

«Astana Musical» театрының

кезекті

гастролінің жабылуы

Либретто авт. Ғ.Мүсірепов

Реж. А.Маемиров

 

Байланыс телефоны: 8775-880-70-34

Салтанат Абулгазиева

Қазақстан Театрлары ассоциациясының  атқарушы директоры