Пресс-релиз

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы

Н.Ә.Назарбаевтың «ЖАСТАР жылы» бағдарламасы аясында

«Astana Musical» театрының Х.Бөкеева атындағы  облыстық қазақ драма театрындағы гастролі. 29-30 сәуір 2019ж

Ағымдағы жылдың 29 сәуір  күні сағат 19.00- де   Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі және 30 сәуір сағат 19.00 М.Мақатаевтың «Ғашық жүрек» поэтикалық музыкалық қойылымдарын ұсынады.

Қойылымның режиссерлері- А.Гумаров, А.Маемиров

Қойылым туралы қысқаша дерек:

«Қыз Жібек»

Қазақ халқының ең көне мұраларының бірі болып саналатын «Қыз Жібек» лиро эпостық дастаны-аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар болғанымен, әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарға жас үйірілтпей қоймайды.

Жібек бейнесі- сұлулық пен әсемдіктің нышаны, рухани ескерткіш.

«Ғашық жүрек»

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, ақынның өлеңдері мен өрнектелген қойылым көрермен қауымға рухани әсер сыйлап, жас буынды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелейтін тың дүние.

77

23 04 19 news 1