Дирижер Д.Марьевтің басқаруымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Ирина Левинаның «LA CHANSON FRANÇAISE»  атты концерттік бағдарламасының

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

76

2019 жылдың 21 мамыр күні «Нұр Отан» залында дирижер Денис Марьевтің басқаруымен (РФ, Саратов қ.) Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтетін халықаралық және бүкілресейлік байқаулардың лауреаты, әнші Ирина Левинаның (РФ, Саратов қ.)  «LA CHANSON FRANÇAISE» атты концерттік  бағдарламасы ұйымдастырылады.

Шараның мақсаты: көршілес ресейлік аймақтармен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, шығармашылық зиялы қауымын қолдау, Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің қызметін насихаттау және кәсіби біліктілігін арттыру, «Жастар жылы» шеңберінде жас ұрпаққа музыкалық-эстетикалық тәрбие берудің үлгісін көрсету.

Өтетін орны: «Нұр Отан» залы

Өтетін уақыты: 21 желтоқсан 2019 жыл, сағат 19.00-да

Байланыс үшін: 237039, 8 705 821 55 66

Билеттер Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының кассасында сатылады. Билет бағасы – 2000 теңге.