ПРЕСС РЕЛИЗ

73 

Үстіміздегі жылдың  23 мамыр күні, сағат 17.00-де Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының концерт залында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен «Жастар жылы» аясында «Болашақ» бағдарламасының түлектері Әлібек Молданиязов пен Айнұр Базаровамен «Білімнің шыңы – «Болашақ» атты кездесу кеші өтеді.

Мақсаты: ел ертеңі болып табылатын жастарға көшбасшы болып жүрген, бойына адамгершілік пен адалдықты, рухани байлық пен ұлттық құндылықтарды сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда еңбек етіп жүрген, түрлі қиындықтарға қарамастан білім қуып шет мемлекетке отбасыларымен барып оқыған ерлі-зайыпты Әлібек Молданиязов пен Айнұр Базарованың өмірі мен еңбек жолын білімге құштар жастарға үлгі ету.

Шарада: кеш иелері өздерінің білім жолындағы тәжірибесімен бөліседі, жастардың қойған сұрақтарына жауап береді.

Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Нығмет, БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары О.Куспаев, қалалық мәслихат хатшысы А.Әубекеров, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Даумов, БҚО кәсіподақ комитетінің төрайымы А.Есекенова, «Достық» үйі директорының орынбасары Ж.Ихсанова, «мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» БҚО департаментінің бөлім басшысы Б.Хайруллин және т.б. зиялы қауым өкілдері, ЖОО студенттері, қала қонақтары.