рисунок

Батыс Қазақстан облысының рухани-мәдени өміріне жаңа серпін бере отырып, ән өнерінің дамуына үлес қосу мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің келісімі, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ескендір Хасанғалиев әндерін орындаушылардың ХІ Халықаралық «Атамекен ән фестивалі Орал қаласында  2019 жылдың 16-17 шілде айында Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өткізіледі.

Фестивальдің  мақсаты: туған елінің талантты перзенті, өнерде орны бөлек үлкен тұлға, халқымыздың ардақ тұтар әнші-композиторы Е.Хасанғалиевтың шығармашылығын келер ұрпаққа жалғастыру, композитордың әндерімен еліміздің айбынын арттыру, ән өнерін дамыту және дарындылардың шығармашылығын арттыру, халыққа кеңінен насихаттау.

ХІ Халықаралық ән фестиваліне шет елдер: Өзбекстан (Нүкіс қаласы) және еліміздің Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Семей, Өскемен, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Атырау, Ақмола облысы және Орал қаласы, БҚО аудандарынан 17-32 жасқа дейінгі өнер саласындағы ресми атағын алмаған    1 үміткер (соло), барлығы  40-тан аса үміткер қатысады.