ПРЕСС-РЕЛИЗ

25 шілде, 2019ж.                                                                               Орал қаласы

 

2019 жылы 25 шілде сағат 20.00-де Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен, Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен орталықтың амфитеатрында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Тұңғыш Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы, «Жастар жылы» аясында облысымызда тұңғыш рет ЖЕКПЕ-ЖЕК ақындар айтысы өтеді.

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында көрсетілгендей 2019 жыл «Жастар жылы» болып аталды.

Еліміз егемендігін алып, еңсесін тіктегелі ширек ғасыр ішінде асқан асуларымыз бен жеткен жетістіктеріміз  жетерлік. Мемлекеттік деңгейде атқарылып жатырған тарихи шешімдер мен табысты қадамдар, «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс», –деп Жолдауда айтылғандай, кеудесінде жаны бар, бойында қаны бар кез келген отандасымызды ойландырары, толғандырары анық.

Қазақстанның болашағы саналатын жастардың тұлғалық қасиетін қалыптастыру үшін қолға алынатын шаралардың барлығын қолдау – Жолдаудың басты міндеттерінің бірі.

Жас мемлекетіміздің әлі де бағындыруға тиіс асқақ арманы, ұлттық мүдде жолында ұйысқан ұлы мұратын республикамызға белгілі жас  ақындардың көркем тілімен жалпы халықтың жүрегіне жеткізу мақсатында өткізілгелі отырған жекпе-жек айтысқа есімдерін ел білетін жетінші аймаққа жетінші мәрте ұйымдастырылған республикалық айтыстан алтын домбыраны ақын қыздардың арасынан тұңғыш иеленген, «Алтын домбыра» иегері, өз өнерін алты алашқа дәріптеп, Ақжайықтың намысын қорғап жүрген ЖАЙЫҚТЫҢ ЖАНСАЯСЫ мен Халықаралық, республикалық айтыстардың жүлдегері ТАЛҒАТ МЫҚИ, айтыстың шын жүйрігі, Сыр сүлейі, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері МҰХТАР НИЯЗОВ пен қазақтың маң­дайына біткен төл өнері айтыстың қаза­нында қайнап келе жатқан,талай аламандарда өнер көрсетіп, елдің, туған жерінің бағын асырып жүрген атыраулық ақын ШАЛҚАРБАЙ ІЗБАСАРОВ қатысады.

Аламан айтыстың басты қонағы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер» Одағының басқарма төрағасы, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі дүркін лауреаты, ақын, журналист ЖҮРСІН ЕРМАН.

Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының әкімі  Ғ.Есқалиев, орынбасарлары: Ғ.Оспанқұлов, М.Сатқанов, Б.Азбаев, А.Алпысбаев, Б.Қонысбаева, Орал қаласының әкімі М.Мұқаев, орынбасарлары: Б.Нарымбетов, Б.Түкжанов, Е.Каримов; Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Қ,Мұсағалиев,  орынбасарлары: С.Дүйсенов; С.Карабалина; ақындар: «Құрмет» орденінің иегері Ш.Қыдырниязова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Д.Мұштанова, С.Бисенғалиев, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері Ғ.Сейтақ, Б.Ғұбайдуллин, Ү.Елеубайқызы және т.б.

Өтетін орны: Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы

 

                    Басталуы: сағат 20.00-де.

                    Ақпарат алу үшін тел: 24 45 13

                    Пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

ЖЕКПЕ-ЖЕК АҚЫНДАР АЙТЫСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖЕКПЕ-ЖЕК АҚЫНДАР АЙТЫСЫНЫҢ СЦЕНАРИЙІ

Облыс әкімінің құттықтау сөзі